Қоғамдық көліктердегі карантин тәртібі тексерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық көліктердегі карантин тәртібі тексерілді

02.08.2021

Автобустардағы жолаушылардың жартысы бетперде тақпайды. Елорданың қоғамдық көліктерінде жүргізілген тексеріс нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Сала мамандары арнайы шара өткізіп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын өткізді. Олардың сөзінше әзірге айыппұл салынып жатқан жоқ. Қазіргі таңда елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Күн сайын қалада мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталып жатыр. Осыған байланысты мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына карантин тәртібін сақтап, көпшілік жерде маска тағып жүруді сұрайды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу