Талап бұзған той иелері жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талап бұзған той иелері жазаланды

02.08.2021

Мониторингтік топтар демалыс күндері дүркітеріп той өткізіп, мейрамханаларда жасырын отырғандарды анықтады. Тексеріс жүргізген мамандар 100-150 адам жинап, қыз ұзату және үйлену салтанатын ұйымдастырғандардың үстінен түсті. Қазір Алматыдағы эпидахуал күрделі. Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес бүгіннен бастап карантин күшейтіледі. Дегенмен, қала мейрамханаларында жасырын той өткізу тыйылар емес. Той мен мейрамхана иелеріне хаттама толтырылып, әкімшілік шара қолданылды.

Хабарламаларға жазылу