Жамбылдықтар Сыр еліне 33 тонна шөп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдықтар Сыр еліне 33 тонна шөп жіберді

30.07.2021

Жамбыл облысының жұртшылығы құрғақшылықтан зардап шегіп отырған Сыр еліне 33 тонна шөп жөнелтті. 16 вагонға тиелген мал азығы Тараз, Шу, Жаңатас қалалары мен Луговой теміржол стансаларынан жолға шықты. 16 мың түк шөп Қызылорда облысындағы Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық округіндегі шаруаларға бірер күнде жетеді. Көмектің алғашқы легін жіберген белсенді азаматтар тағы да шөп қорын жинақтауға кірісті.

Қайрат Аманов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Бұл жерде негізінен демеушілік білдіріп отырған біздің облыстың кәсіпкерлері, олар әлі де болса өз көмектерін беретін болады. Көл тамшыдан құралады дегендей осы құрғақшылықтың салдарынан қиналып отырған отбасыларына, шаруашылықтарға кішкене балса да демеушілік болсын деп жіберіп отыр.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу