Токио 2020: Владислав Яковлев Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио 2020: Владислав Яковлев Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады

30.07.2021

Төрткүл дүние көз тіккен Токиодағы басты дода жалғасып жатыр. Бүгін таңертең жарыс алаңына академиялық есуден отандасымыз Владислав Яковлев шықты. Ол жалпы жарыс қорытындысы бойынша 19-орынды місе тұтты.

Ал кеше Қазақстан спортшыларының екінші легі Жапонияға аттанды. Делегация құрамында 44 адам бар. Олардың 24-і спортшы. Атлеттеріміз еркін күрес, әртістік жүзу, көркем гимнастика, жеңіл атлетика сынды жарыстарда бақ сынайды.

Ал бүгін Нұр-сұлтан уақытымен күндізгі төрттің шамасында қарғып секіру бойынша спортшы қыздарымыз сайысқа түседі. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен Ирина Эктова және Мария Овчинникова іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Бұл жарысты Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу