Ақтөбе облысында 8 мың гектар алқапты құрт жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 8 мың гектар алқапты құрт жайлады

29.07.2021

Шаруалар шалғын құрттарынан зардап шегіп жатыр. Әсіресе көкөніс өсірумен айналысатын қожалықтар шығынға ұшырауда. Зиянкестер Ақтөбе облысының орталығымен қатар, Қарғалы, Мәртөк, Хромтау, Алға, Мұғалжар аудандарының аумағына жайылып үлгерген. Мамандар қазірдің өзінде 8 мың гектарға жуық жер құрттардың құрығына түскенін айтып дабыл қағуда. Биыл бюджеттен зиянкестермен күреске республика бойынша 32 млрд бөлінген. Соның 584 млн-ы Ақтөбе облысына тиесілі.

Алмабек Марс, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
Заңға сәйкес, қазіргі таңда өңдеу жұмыстар, аса қауіпті зиянды организмдер ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өзінің есебінен жүргізіледі. Бірақ, шығынға 50 пайыз субсидия беріледі, Үкімет есебінен.

Бауыржан Бөгенбай

Хабарламаларға жазылу