Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Аризона университетінің делегациясымен кездесті

Мемлекет басшысы Аризона университетінің делегациясымен кездесті

Президент Аризона университетінің делегациясымен кездесті. Онлайн жүздесуде америкалық білім ошағы мен отандық жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық серіктестік, ғылыми және академиялық даму мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев университет өкілдерінің елімізде білім беру сапасын бірлесе арттыру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Ынтымақтастық аясында халықаралық стандарттарға сай бірлескен білім бағдарламалары әзірленеді.

Дарын Сағитов

Бөлісу