Елордада жансақтау бөліміне түскендердің жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жансақтау бөліміне түскендердің жағдайы ауыр

29.07.2021

Жұқпалы індет адамдарды жансақтау бөліміне жығып жатыр. Елордадағы №3 көпбейінді балалар ауруханасының қос қабатында 52 науқас ем қабылдауда. Хәлдері мүшкіл. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылса, қалғаны оттегімен қамтылған. Дәрігерлер сақ жүрмей, вакцина салдырмағанның салдары осындайға соқтыратынын айтып, арнайы үндеу жолдады.

Ақтоты Ілиясова, қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы жансақтау бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері:
Осы науқастардың барлығы вакцина алмаған. Егерде туысқандарыңыз бен балаларыңызды ойласаңыздар вакцина алған жөн. Өйткені, біздің қазір ауруханада болып жатқан жағдайды ескере отырып, соған әбден көз жеткізуіңізге болады. Қазіргі таңда бұл аурудың ешқандай емі анықталмаған. Ал, вакцина осы аурудан сақтанудың бірден-бір жолы.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу