Токио-2020: Жарыс қыза түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио-2020: Жарыс қыза түсті

29.07.2021

Токиодағы төрт жылдықтың басты бәсекесі жалғасып жатыр. Дәл қазір теннисші қызымыз Елена Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен финал жолдамасына таласып жатыр. 

Ал бүгін таңертең су добынан Қазақстан құрамасы кезекті кездесуін өткізіп, испаниялықтардан ұтылып қалды. Енді ұлттық құрама жігіттері 31 шілде күні Черногрия командасымен кездеседі.

Ал академиялық есуден жарысқа түскен Владислав Яковлев жартылай финалдық бәсекеге қатысып, өз тобында бесінші орынға тұрақтады.

Бүгін сондай-ақ бокстан сегізден бір финал ойындары өтеді. Қазақстандық боксшылардан шаршы алаңға Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев шығады. Олардың жекпе-жегін сағат екіде Ұлттық арнадан көре аласыздар. 


Хабарламаларға жазылу