Қазақстандық шенеуніктердің Сингапур банктерінде 1 млрд.қа жуық теңгесі сақталған. Ресейдегі жинақтары 476 млн-ға жетеғабыл. Ал, Лихтенштейн Княздігі банктеріндегі ақша 426 млн теңгеден асады.
Сондай-ақ олардың Ресейде 181 жылжымайтын мүлкі бар. Тағы 6 нысан Түркияда, бесеуі Болгарияда. Жалпы 465 мыңнан аса жеке тұлға табысы мен дүниесі бойынша декларациясын жария еткен. Қатарында мемлекеттік қызметкерлер мен соған теңестірілген және олардың жұбайлары бар.
Бұдан бөлек 333 шенеунік шетел мемлекеттерінде құзырлы органдарға тіркелген 392 көлігі туралы мәлімет ұсынған. Бірақ Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ондай ақпарат жоқ. Өйткені біздің елдің салық заңына сай декларацияда ашықтық талабы ескерілмеген дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Нысаналы Ығыл