Зиялы қауым өкілдері халықты екпе алуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зиялы қауым өкілдері халықты екпе алуға шақырды

28.07.2021

Қауіпті індет қайта күшіне еніп, ахуал ушығып барады. Ауруханалар науқастарға толып, өңірлерде карантин талаптары күшейді. Ал бұл жағдайды қайта қалпына келтірудің жалғыз жолы – вакцина. Осылай деген зиялы қауым өкілдері көпшілікті екпе алуға шақырып отыр.

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі:
Вакцина деген пайдасы болмаса, зияны жоқ екенін білеміз. Ал енді кейбір адамдар болмады жұмысқа міндетті түрде қарсы шығу керек. Бұл енді ешқандай саясатқа жатпайтын нәрсе. Бұған ешқандай кедергісіз, денсаулығыңды нықтау үшін керек дүние.

Байғали Есенәлі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Соншалықты бір ауырлықты сезінген жоқпыз. Бәрі дұрыс. Соның арқасы шығар әзірге ештеңе жұқпай аман-есен жүргеніміз. Солай бола берсе екен. Халқымыз дерттен аман болса екен. Вакцинаны салдыру керек. Жалғыз үміт сода.


Хабарламаларға жазылу