COVID-19 вирусының қауіпі сейілмей тұр. Ал індетті толықтай жеңудің жалғыз жолы – екпе алу. Қазіргі ортақ мақсат - қоғамдық иммунитетті қалыптастыру. Зиялы қауым өкілдері осылай деп үндейді. Елді алыпқашпа әңгімеге сенбеуге, керісінше екпе алып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.