Алматыда қоғамдық көліктерде тексеру қайта күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық көліктерде тексеру қайта күшейтілді

28.07.2021

Алматыда қоғамдық көліктерде тексеру қайта күшейтілді. Санитарлық ережелерді бұзып, маскасыз жүрген жолаушыларға бірден айыппұл салынады.

Бүгіннен бастап мониторингтік топ жолаушылардың санитарлық ережелерді сақтауын тексеруге кірісті. Олар ережені бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы. Арнайы топ қаланың барлық бағыттағы қоғамдық көліктерді кезекпен тексеруді жоспарлап отыр. Рейд барысында бірнеше маршрутта санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды. Мегаполис бойынша автобустармен қатынайтын тұрғындардың саны көп. Сондықтан жолаушылар мен жүргізушіде жеке қорғаныс заттарының болуы шарт. Мүлдем маскасыз жүргендерге ескерту жасалып, түсініктеме алынды. Келесі жолы қайталанса 83 мың теңге көлімнде айыппұл салынатыны айтылды.

Айбек Тәуірбекұлы, мониторингтік топтың мүшесі:
Бүгінгі күннің нәтижесі ретінде тек қана ескерту жұмыстары жүргізілді.

Алматыда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 1250 адамның 90 пайызында ауру белгілері бар. Ауруханаға түскендер емделіп шыққандардан екі есе көп. Инфекциялық стационарларда 4 мыңға жуық науқас ем алып жатыр. Барлық төсек-орынның 75 проценті толған. 267 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы апталарда жедел-жәрдем шақырушылар күрт көбейген. Дәрігерлер күн-түн демей, тәулік бойы қызмет көрсетуде. Сондықтан, мамандар көпшілікті карантин талаптарын естен шығармай, екпе алуға шақырып отыр.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу