Сыр өңірінде білім беру ұйымдары ұжым болып түгел коронавирусқа қарсы вакцина алуда. Нақты айтқанда, 2 мектеп, үш балабақша педагогтары екпенің екі дозасын да толық қабылдаған. Бүгінде аймақта 213 мың адам екпе алса,соның 40 мыңға жуығы білім беру мекемелерінің қызметкерлері. Жаңа оқу маусымының басталуына да бір айдай уақыт қалды. Сондықтан, мұғалімдер өз денсаулығы үшін және қауіпті кеселді таратпау мақсатында ерікті түрде екпе алып жатыр.
Өркен Қошқарбеков, №215 орта мектептің директоры:
Бізге ата-аналар сенім артып, балаларын сеніп тапсырып отыр. Сондықтан, білім саласында олқылықтарға біз жол бермеуіміз керек. №215 орта мектептің ұжымы қазіргі жағдайға байланысты ковидтің бірден-бір емі вакцина екенін түсініп, вакцинаның екі кезеңін де 100 пайыз қабылдады.
Әділбек Серікұлы