Жалған екпе паспортын жасау бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған екпе паспортын жасау бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды

27.07.2021

Жыл басынан бері жалған вакцинация паспортын сату мен пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында жолаушылардың ковид мәртебесін тексеруді күшейтті. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Алматыда ПТР анықтамалар мен билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған қыз бен жігіт ұсталған. Олар Түркияға демалысқа бармақ болған. Жалған ПТР-тест құжатымен Белорусияға ұшуды жоспарлаған Шымкент тұрғыны да полицейлерден құтыла алмады. Айта кетейік, жалған құжат дайындағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. Құжатты пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу