Павлодар қаласында карантиндік талапты үстін-үстіне бұзған рестобардың иесімен қоса, оның клиенттері де енді айыппұл төлейді. Көңіл көтеру орны сенбі күні түнде 200 адамға қызмет көрсеткен. Мониторинг топ келген соң барып, сауық-сайран құрғандар үйді-үйлеріне тарады. Ал, келесі күні рестобарға тағы 40-тан аса адам жиналған. Олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған бала да болған. Меймандардың бәрі бірден орталық полиция бөліміне жеткізілді.
Нұрлыбек Әбдірахманов, Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Біріншіден, «Ашық» бағдарламасынан шеттетіледі. Және өзінің жұмысын сот арқылы тоқтатады. Жексенбі күні отырған 40 адамның бәрі 41 мың теңгеден әрбіреуі айыппұл төлейді.
Болат Аманбаев