Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қайтыс болған азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарынан қайтыс болған азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты

25.06.2019

Арыстағы ағайынға алаңдаған Алты Алаштың азаматтары кешелі бері қолдан келер көмегін аяп жатқан жоқ. Мемлекеттік, жеке мекемелер, ірі, шағын компаниялар мен еріктілер тобы бір-бірінен көз жазып қалған балалар мен ата-аналарды табыстыру үшін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Төтенше жағдайдың туындау себебін түсініп, аймақтан көшірілген дүйім жұрттың қал-жағдайын білу үшін кеше кешкісін Түркістан облысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та барған еді. Президент алдымен жарылыс салдарынан қайтыс болған азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Хабарламаларға жазылу