Елдегі эпидахуал өте күрделі. Қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. Дәл осындай көрсеткіштің қайталанып жатқанына аптаға жуықтады. Ал «сары» аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі қауіпті деңгейде.
Індетке шалдыққандар саны да бір аптадан бері 6 мыңнан азаяр емес. Кеше тағы 6637 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 84 адам шалдығып, 20 адам көз жұмған. 83 мыңнан астам тұрғын ем алып жатыр, 1444-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 145 мыңнан асты.