26 шілдеде Олимпиадада сынға түсетін қазақстандық спортшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

26 шілдеде Олимпиадада сынға түсетін қазақстандық спортшылар

25.07.2021

Ертең шаршы алаңға тағы да боксшыларымыз шығады. 52 келі салмақта Сәкен Бибосынов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл бақтарын сынайды. Дзюдодан 73 келі салмақта Жансай Смағұлов боз кілемге шығады.

Ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло ел намысын қорғайды. Жерлесіміз 55 келіде сынға түседі. Жарыстарды «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан тікелей эфир арқылы көре аласыздар. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу