Бүкіл әлем көз тіккен Токиодағы Жазғы Олимпиада Ойындары салтанатты түрде ашылды. Спорттық мерекенің тікелей трансляциясы Ұлттық арнаның эфирінен жүргізілді.
Дәстүр бойынша, байрақты бәсеке шеруден басталды. Оған біздің ел атынан 40 спортшы, 5 жаттықтырушы мен ресми тұлғалар қатысты. Еліміздің туы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионаттарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа сеніп тапсырылды.
Бұл тарихында 32-ші мәрте жалауын желбіреткен Олимпиада. Айта кеткен жөн, жарыстың ашылу салтанатына Халықаралық Олимпиада комитетінің Президенті Томас Бах пен Жапония императоры қатысты.
Ламбриан Топузидис