Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық боксшылардың Олимпиададағы қарсыластары белгілі болды

22.07.2021

Ертең төрт жылдықтың басты бәсекесі Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Токио ойындарында еліміздің намысын 9 былғары қолғап шебері қорғайды. Олардың ішінде әйелдер құрамасынан Надежда Рябец бар. Ол бірінші кездесуде канадалық спортшымен жұдырықтасады. Ал ерлер құрамасының боксшылары алғашқы жекпе-жекте Мысыр, Перу, Венгрия, Испания спортшылармен шаршы алаңға шығады. Бокс бәсекесі 24 шілде күні басталады. 

Шерхан Жамбылұлы

Токио Олимпиадасы Токио 2020 Олимпиада бокс

Хабарламаларға жазылу