30 мыңнан аса қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

30 мыңнан аса қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен

22.07.2021

30 мыңнан аса қазақстандықтың телеграмм месенджеріндегі жеке мәліметтері сыртқа тарап кеткен. Бұл туралы kz-cert компьютерлік оқиғаларға әрекет ету қызметі мәлімдеп отыр. Яғни, Телеграмм-каналдардың бірінде қосымшаны пайдаланушылардың жеке деректері бар 744 мыңдай жазба сақталған файл анықталған. Талдау көрсеткендей, онда қолданушылардың аты-жөні, телефон нөмірлері мен жеке мәліметтері көрсетілген. Каналдың авторы заңсыз дереккөзін «Құдайдың көзі» деп сипаттаған. ТМД-дағы ең үлкен сервистердің бірі 1 млн адамды қамтиды. Алаяқтар мұндай мәліметтерді өз мақсатына пайдаланып кетуі ықтимал. Сол себепті заң өкілдері азаматтарды интернетке жеке деректерді жариялау кезінде сақ болуға шақырады.


Хабарламаларға жазылу