БҚО-да дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры ұшты

21.07.2021

Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында дауыл тұрып, арты нөсер жауынға ұласты. Желдің күшті болғаны соншалық бірнеше нысанның шатырын ұшырып əкетті.

Қатты жел мен нөсер салдарынан Мичурин ауылында жеке балабақшаға сондай-ақ тұрғын үйге зақым келді. Абырой болғанда, балабақшада ешкім болмаған. Тұрғын үй иелері де аман. Ал Бөрлі ауданына қарасты Қарақұдық ауылында Vəдениет үйі мен екі баспананың шатыры желге ұшты. Мұнда да зардап шеккендер жоқ. Мамандар шығынды есептеп жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу