XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясы туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясы туралы

19.07.2021
XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясы туралы

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты көрермендер мен әріптестерімізден келіп түсіп жатқан сауалдарға байланысты келесіні хабарлаймыз.

Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялар құқығы «Dentsu Inc.» компаниясына тиесілі. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» телеарналары арқылы Жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын. Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ. Екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі, құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы.

Қазіргі кезде «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» телеарналары қазақстандық спортшыларды қолдау және отандық көрермендерге Олимпиададан жедел ақпарат ұсыну бойынша жан-жақты әзірлік жұмыстарын жүргізуде. Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото,-видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған.

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 27 түрінен 97 лицензия бар.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу