Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

19.07.2021

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады.

Бүгін ОПЕК+ келісіміне мүше елдердің министрлері онлайн кездесу өткізіп, оған еліміздің Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қатысты. Жиында мұнай өндірудің қазіргі деңгейін ұжымдық ұлғайту мәселесі талқыланды. Келісім шеңберінде Қазақстанға жаңа міндеттемелер қойылды. Яғни, тамыз айында біздің елде тәулігіне 1,491 миллион баррель мұнай өндіріледі. Сондай-ақ, ай сайын орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге ұлғайып отырады.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу