Қызылорда облысында екі көлік соқтығысып, бірі каналға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында екі көлік соқтығысып, бірі каналға батып кетті

19.07.2021

Сыр өңірінде тағы бір оқыс жағдай. Қала маңында екі көлік соқтығысып, бірі Шіркейлі каналына батып кетті. Жол көлік апатынан бір адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ал екінші автокөлікті құтқарушылар су түбінен іздестіріп жатыр. Белгілісі, оның ішінде екі қыз бала болған. Куәгерлердің айтуынша, Тойота автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Бұл оқиғаға қатысты, қылмыстық іс қозғалды. Шіркейлі каналында қазір су мол, ағыс қатты. Сондықтан, іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже бермей тұр.

Бақыт Ембергенов, облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының бастығы:
Қазіргі таңда бізде 17 қызметкер құтқару үшін жұмыс істеп жатыр басында. Төрт техника, 2 сүңгуір группасы су астында жұмыс жасап жатыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу