Алматы әуежайының қызметкерлері жалған ПТР анықтамаcын сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайының қызметкерлері жалған ПТР анықтамаcын сатқан

19.07.2021

Жалған ПТР анықтамаларын сатқан Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері ұсталды. Қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының мамандары жедел іздестіру шаралары барысында 29 жастағы әйел адам мен 1993 жылғы ер адам шетелге шыққандарға 20-ға жуық құжат жасағанын анықтады. Полицияның мәліметінше, олар ПТР сынақтарын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы дайындаған. Қызметкерлер клиенттің жеке деректері мен анықтаманың берілген күнін өзгерткен. Ал әуе компанияларының өкілдері жолаушыларды ұшаққа отыруға заңсыз жіберген. Осылайша олар табысты өзара бөлісіп отырған. Қазір құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу