Маңғыстаулық мұнайшылар арасында екпе алушылар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық мұнайшылар арасында екпе алушылар көбейді

15.07.2021

Маңғыстаулық мұнайшылар арасында екпе алушылар көбейді. Бүгін білікті эпидемиолог және инфекционист мамандар Жаңаөзен қаласында ірі еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар «Өзенмұнайгаз» компаниясы, «Бұрғылау» және «Өзенинвест» серіктестіктерінде болып, жұмысшылардың вакцинацияға қатысты сұрақтарына жауап берді. Шаһардағы кәсіпорын-мекемелер екпе науқанын белсенді жүргізуге ниетті. Олар ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы, індетті еңсереміз деп отыр. Қазір Жаңаөзенде 10 400-ден астам адам вакцинаның 1-компонентін алды. Өкінішке орай, жыл басынан вирустан 7 науқас көз жұмды.

Айнұр Садықова, инфекционист-дәрігер:
Вакцина алуға ниеттері қарсы емес. Халық түсінді деген ойдамыз. Түсіндірме жұмыстарын жалғастыруға дайынбыз. Халыққа айттық, біз шығып, қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт барлық сұрақтарыңызға толығымен жауап беруге дайынбыз деп.

Әділ Сүйеубай, компания қызметкері:
Түсінген адамдар, өзінің денсаулығын, отбасын ойлайтын адамдар екпе алып жатыр. Әзірге алған адамдардың ішінде ауыр асқыну фактілері тіркелмеген. Вакцина өте қарқынды жүріп жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу