Германияның батысында нөсер жауын соңы тасқынға ұласып, екі адам қаза тапты. Аденау қаласының төңірегінде өзендер арнасынан тасып, 6 тұрғын үй құлаған. Төтенше оқиға кезінде 30 адам жоғалып кеткен. Құтқарушылар ізім-ғайып болғандарды іздестіріп жатыр. Бұдан бөлек 25 ғимарат құлауға шақ қалды. Қауіпті аймақта қалған адамдар тасқыннан қорғану үшін үй шатырларына шығып, құтқарушылардың келуін күтуге мәжбүр.
Арай Төлегенқызы