ДДСҰ: Әлем коронавирустың үшінші толқыны алдында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Әлем коронавирустың үшінші толқыны алдында тұр

15.07.2021

Коронавирусқа қарсы вакциналау оң нәтижесін беріп жатқанына қарамастан, әлемде пандемияның үшінші толқыны басталуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус ұйымның COVID-19 жағдайын бағалау жөніндегі төтенше комитетінің отырысында осылай деп мәлімдеді. Гебрейесустың сөзінше, инфекцияның өршуіне "Дельта" штамы себепші. Мутацияланған штамм коронавирустың бастапқы түрінен екі есе қауіпті әрі өте жұқпалы.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:
Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны төртінші апта қатарынан өсіп келеді. Өлім-жітім көбейді. "Дельта" штамы өршіп барады. Нақты уақыт режимінде әлем коронавирустың өзгеріске ұшырап, жылдам тарап жатқанына куә болып отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу