Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа енді

15.07.2021

Қызылорда облысы бүгін «қызыл» аймаққа енді. Соңғы тәулікте аймақта 84 адам індет жұқтырған. Соның 58 жағдайы қалада тіркелген. Өңірдегі инфекциялық стационарларда кеселге шалдыққан 437 науқас ем алуда. Дерті дендеген 38 адам жан сақтау бөлімінде, өмір мен өлім арасында жатыр. Тұрақсыз эпидахуал бірнеше күн сақталатын болса, өңірде карантин режимі қайта күшейтіледі.

Ал Шымкентте соңғы бір айда коронавирус жұқтыру дерегі 30 пайызға ұлғайған. Өткен тәулікте індетке шалдыққан 342 азамат анықталса, бүгін 416-ға жетті. Аурханалардағы төсек орындардың 60 проценті науқастарға толып тұр. Бүгіннен бастап дәрігерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Эпидемиялогиялық жағдай мұнан әрі өрши түссе инфекциялық аурханаларда төсек орындар саны бес мыңға дейін көбейтілмек. Шаһарда карантидік шектеулер де күшейтілді. Санитардың қаулысына сәйкес енді сенбі, жексенбі және мереке күндері қалада қоғамдық көліктер жүрмейді. Базарлар да демалыс күндері жұмыс істемейді. Күн райының ыстықтығына қарамастан шомылу орындары да жұмысын тоқтатты. Ал атаулы әлемттік көмек алатын 30 мыңға жуық отбасыға тегін дәрі-дәрмек үлестірілетін болады.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу