6 мың теңгеге жалған ПТР-тест анықтамаларын әзірлегендер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 мың теңгеге жалған ПТР-тест анықтамаларын әзірлегендер ұсталды

14.07.2021

6 мың теңгеге жалған ПТР-тест анықтамаларын әзірлегендер ұсталды. Елордада ай басынан бері мұндай екі дерек тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Қазір жалған құжат сатқан жеке медициналық орталықтың директоры тергеліп жатырт. Заңсыз анықтама алғандарды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Данияр Оралов, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің ресми өкілі:
Екінші дерек бойынша, ҚР азаматы шет елде отырып, 5500 теңгеге жалған анықтама жасаған. Бұл бойынша іс қозғалды.

Елімізде жыл басынан бері жалған ПТР-тест нәтижелері мен екпе құжаттарын әзірлегендерге қатысты 36 қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін, Алматы қаласында Сауд Арабия Королдігене қажылыққа баратындарға 143 жалған екпе анықтамасын дайындағандар қолған түскен. Айта кетейік, мұндай заңсыз әрекетке барғандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бауыржан Бөгенбай

Хабарламаларға жазылу