Ақтөбе облысында бір күнде жол ережесін бұзудың 500 фактісі тіркелді. Өңірде «Абайла, жаяу жүргніші» жедел алдын-алу шарасы жүзеге асырылуда. Полицейлер бағдаршам орнатылған жол қиылыстарын ерекше назарға алды.
Ал Солтүстік Қазақстанда 10 күн ішінде мас күйде темір тұлпар тізгіндеген 53 жүргізуші анықталды. Теріскейде жыл басынан бері 80 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 12 адам қайтыс болып, 99 жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.
Эльмира Кәленова