Жаңа антирекорд: Бір тәулікте 4375 адамнан COVID-19 анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа антирекорд: Бір тәулікте 4375 адамнан COVID-19 анықталды

14.07.2021

Елдегі эпидахуал күн санап күрделеніп барады. Қазір 12 өңір «қызыл» аймақта. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ал, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары «сары» аймақта тұр. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.

Ал, вирустың бір күндік таралуы бойынша кеше жаңа антирекорд тіркелді. Яғни, бір тәулікте 4375 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 167 адам шалдықғып, коронавиурс пен пневмониядан бір күнде 59 науқас көз жұмған. Қазір 45 мыңнан астам адам емделіп жатыр, 880 науқастың жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 600 мыңнан асты.


Хабарламаларға жазылу