Арыстағы жарылысқа қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары түсінік берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстағы жарылысқа қатысты Қорғаныс министрінің орынбасары түсінік берді

24.06.2019

«Қазіргі кезде жарылыстың зардаптарын жою шаралары жүргізілуде. Сондықтан тексеру жұмыстары үшін тиісті уақыт қажет». Осылай деген Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев. Сондай-ақ, «Бізде кеңестік кезеңнен қалған қару-жарақ бар. Осы орайда сақтау мерзімінен асқан қару-жарақ пен оқ-дәріні утилизациялау бойынша шараларды іске асырудамыз», - деп айтты.

 

Тимур Дәндібаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Бұл жарылысты 2009 жылғы оқиғамен салыстыруға болмайды. Қару-жарақпен, әскери техникамен байланысты шаралар үнемі белгілі бір тәуекелді туындатады. Әрине, бұл оқиғаның себептерін егжей-тегжейлі тексереміз.

Хабарламаларға жазылу