Маңғыстау облысында медицина қызметкерлерінің 77 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында медицина қызметкерлерінің 77 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алды

13.07.2021

Маңғыстау облысында 7 200-ден астам медицина қызметкерлерінің 77 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Олар індетпен күресте белсенділік танытып, тұрғындарға үлгі көрсетуді көздеп отыр. Бұған қоса, кәсіпкерлер тарапынан аймақта екпе алушылар арасында түрлі бағалы сыйлықтар ойнатылып жатыр. Тіпті ұтысқа Ақтауда 2 бөлмелі пәтер де қойылған.

Айта кетерлігі, екпе басталғалы вакцина алғандар саны 4 есе артып, қазір 121 мың адамнан асты.

Серік Қасым, бас дәрігер:
Мысал ретінде, біздің емханамызда медқызыметкерлерің 96 пайызы екпе алды. Жексенбі, сенбі күндері де жұмыс жасап жатырмыз. Халықтың саны күннен күнге артып жатыр. Қажет болған жағдайда түсіндірме жұмыстарын да осы жерден жүргізіп жатырмыз. Күніне емханамызда 200 адам екпе алып жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу