Новокубанка және Алтай ауылдық округтерінде екі жарым мыңдай тұрғынның 60-70 проценті жұмыспен қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Новокубанка және Алтай ауылдық округтерінде екі жарым мыңдай тұрғынның 60-70 проценті жұмыспен қамтылған

13.07.2021

Ақмола облысындағы Новокубанка және Алтай ауылдық округтерінде екі жарым мыңдай тұрғынның 60-70 проценті жұмыспен қамтылған. Қалғандары өз бетімен күн көруде. Қазір мұнда 4 серіктестік, 12 шаруа қожалығы мен 40-тан астам жеке кәсіпкер бар. Онымен қоса мемлекет тарапынан қолдау қаржы алып, өз ісін дөңгелетіп жатқандар да аз емес.

Рахат Мардан, Новокубанка ауылдық округінің әкімі:
2017-2021 жылдар аралығында бізде 48 адам бизнес бастау курсынан өтсе, оның 10 адамы грант алды. Грант дегеніміз ешқандай қайтарымсыз берілетін қаржы. Сол арқылы өздерінің кәсібін, тігін цехын ашып жатыр. Онымен қоса 23 адам кредит алды, жеңілдетілген пайызбен кредит алып, мал шаруашылығымен айналысып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу