Елдегі эпидахуал әлі де күрделі. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті. Осылайша, 12 өңірде қауіп күшейді. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары. Ал, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары «сары» аймақта. Әзірге Түркістан мен Шығыс Қазақстанда ғана жағдай тұрақты.
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 41 адам көз жұмған. Індетке шалдыққандар саны бір аптадан бері күрт көбейді. Кеше тағы 3693 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 19 адам шалдыққан. 44 мыңға жуық адам емделіп жатыр, 846 науқастың жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 4 млн 486 мыңнан асты.