Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстың зардаптарын жою үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында мәлімдеді.
«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет» - делінген.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ