Елордада жыл соңына дейін «Үйдегі дәрігер» жобасы бойынша 10 амбулаториялық орталық ашылмақ.
Бұл «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген. Бірақ, қазір жобаны іске асыруды қиындық туындап отыр. Себебі, инвесторлар денсаулық сақтау басқармасының нақты жоспары жоқ екенін айтқан. Сондықтан, партияның денсаулыққа қатысты қоғамдық кеңесі жауапты мамандармен бірге мәселені талқыға салды. Жиында дәрігерлерге арналған 100 орындық жатақхана мен 500 орындық инфекциялық стационар салу тетіктері қаралды. Одан бөлек, дәрі-дәрмекпен қамту, олардың бағасын бақылау жұмыстары талқыланды.
Еркеғали Әлімқұлов, «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
Аса қызу талқыланған мәселенің бірі бұл «Үйдегі дәрігер» бағдарламасының ашылуы. Бұл жерде үлкен сын-ескертпелер айтылып жатыр. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыныстар, тапсырмалар берілді.
Амангелді Сейітхан