Елімізде құжатсыз жүрген 4606 адам анықталған. Бұл өткен жылдан бері жүргізілген тексерулердің нәтіижесінде белгілі болды. Ішкі істер министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп өткізген іс-шараның аясында өзге де бірқатар олқылықтар анықталды. Полиция қызметкерлерінің көмегімен мұндай азамататтардың 3408-і заңды құжаттарын қолына алған. 1278 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяқталды. Бір айта кетерлігі құжатсыз жүргендердің көпшілігі құлдықтың құрбаны болуы мүмкін дейді мамандар.
Шұғыла Берікқызы, ҚР ІІМ өкілі:
Жыл басынан бері 103 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 61 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды. Қазіргі уақытта соттар 9 адамға қатысты айыптау үкімін шығарды. Тағы 42 іс тергеу сатысында. 9 адам түрлі мерзімге сотталды. Еңбек және жыныстық құлдықтан 19 адам құтқарылды.
Бүгінде еліміз бойынша 33 мыңдай адам түрмелерде жазасын өтеп жатыр. Енді ел президентінің тапсырмасымен сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу үшін түзету мекемелеріне бақылау камералары орнатылмақ. Ол үшін мемлекет келер жылға 3 млрд 704 млн теңге бөліп отыр. Бұл ақшаға 33 мың камера сатып алынады. Жобаны 2023 жылы толықтай аяқтау жоспарланған.
Бауыржан Бөгенбай