Түркістан облысының Арыс қаласында күшті жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының Арыс қаласында күшті жарылыс болды

24.06.2019

Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәліметке сай Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында оқ-дәрі жарылған. Қазір осы өңірдегі меншікті тілшіміз Ғани Қалмаханов бізбен телефон арқылы тікелей байланысқа шықпақ. Ғани, қаладағы қазіргі жағдай қалай?

Арыста төтенше жағдай жарияланды. Қазір қала тұрғындары жақын маңдағы елді мекендерге көшірілуде. Арыстан 10 шақырым жердегі Қараспан ауылында арнайы штаб құрылды. Құзырлы органдар өкілдері құтқару шараларын пысықтауға кірісті.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу