Қазақстан БҰҰ-ның адам құқығы туралы ұсыныстарының 87 пайызын қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан БҰҰ-ның адам құқығы туралы ұсыныстарының 87 пайызын қолдады

09.07.2021

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі кеңесі ұсынған 245 ұсыныстың 42-сін орындады. КСМ: Бұл туралы Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова айтты. Оның сөзінше, алдағы 4 жылда 214 ұсынысты орындау міндеті тұр. Олардың дені азаматтық қоғам көтерген өзекті мәселелер. Әсіресе, әйелдер мен балалардың, мүгедектердің құқығын қорғау, салауатты орта және отбасы институтын құру маңызды. Барлық ұсыныстарды Кеңестің веб-сайтынан көруге болады. Қазір оларды жүзеге асырудың ведомствоаралық жоспары да бекітілген.

Ақерке Ахметова, ҚР Әділет вице-министрі: 
Мысалы, әйелдердің еңбегін қолдануды шектейтін жұмыстардың тізімін алып тастау. Қылмыстық кодекстің 131 бабын қылмыстық сипаттан алып тастау және тағы басқа.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу