Қазақстан Тәжікстанға көмек көрсетуге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Тәжікстанға көмек көрсетуге әзір

09.07.2021

«Қорғаныс министрлігі кез-келген жағдайға әзір». Ауғанстанда ушығып тұрған ахуалға қатысты министрдің орынбасары Тимур Дәндібаев осылай деді. Қазіргі таңда, аталған ведомство Ауған-тәжік шекарасындағы ахуалды жіті бақылап отыр. Қажет болған жағдайда отандық сарбаздар көмек көрсетуге тас-түйін дайын отыр. Жалпы, әскерилер тәуелсіздік жылдары ондаған мемлекетпен әскери салада ынтымақтастық орнатты. Ал, Арыс қаласын қалпына келтіру шараларына Ресей, Тәжікстан өз мамандарын жіберді. Сонымен қатар, АҚШ, Үндістан, Бірккен араб Әмірліктері қаржылай және әскери құрылғылармен көмектескен. Біздің әскерилеріміз АҚШ, Түркия, Ресей секілді ондаған мемлекетте білім алады. Жыл сайын 3500-дей сарбаз білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдайды.


Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу