Петропавлда 3 жасар қызын ұрып өтлірген әйелге қатысты сот үкімі шықты.
Екатерина Голешова он жыл 6 айға сотталды. Ол бірден 3 бап бойынша айыпталған еді. Жантүршігерлік оқиға ақпан айында болды. Шешесі сал ауруына шалдыққан 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған. Ұзақ уақыт бойы қорлық көрсетіп келген безбүйрек ана баланы қыста жазғы аяқ киіммен жүруге мәжбүрлеген. Салдарынан аяғы үсіп кеткен. Қатты соққыдан бас сүйегі сынған, қолы күйген, тістері түсіп қалған. Бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан сәби ес жимастан қайтыс болды.
Эльмира Кәленова