Қостанай облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлінді

09.07.2021

Қостанай облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бюджеттен 1,5 млдр теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл сома тұрақтандыру қорын әлеуметтік маңызы бар тағамдармен толықтырып, қажет болғанда тауарлық интервенция жасауға жұмсалады. Сондай-ақ облыс аумағында жыл басынан бері 147 жәрмеңке ұйымдастырылып, 900 тонна тауар саудаланған. Мамандардың айтуынша, қазір еліміздің оңтүстігінен тасымалданатын көкөністің де көлемі көбейіп, құны төмендеген. Жергілікті бау-бақша өнімдері саудаға шілде айының соңында шығарыла бастайды. Ал тұрақтандыру қорынан алынған арзан азық әлеуметтік дүкендерде төмен бағамен сатылуда.

Төлеутай Ержанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Кешеден бастап ол дүкендерде картоп 100 теңгеден, сәбіз 115 теңгеден сатылып жатыр. Сосын фирмалық дүкендер бар. Онда картоп, 105, 159 теңге. Сонда орташа алғанда картоп 195 теңгеден, сәбіз 245 теңгеден боп тұр.  

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу