Гаити президенті Жовенель Моизды өлтіруге 28 колумбиялық пен 2 америкалық қатысқан. Оларды тұтқындау операциясы барысында 3 адам өлтіріліп, 15 колумбиялық пен АҚШ-тың екі азаматы ұсталды. Қалғандары әлі іздестіріліп жатыр.
Күдіктілер жасырынған үй ел астанасы Порт-о-Пренс маңында анықталды. Ал, 11 адам Тайвань елшілігінің ғимаратында қолға түскен.
Сонымен қатар, полицейлер олардан тәркіленген қару-жарақ пен колумбиялық паспорттарды, рацияны, түрлі құралдар мен балға және қайшыны көрсетті.
Қарулы топ президенттің жеке резиденциясына шілденің 7-де түнде басып кіріп, оқ жаудырып, мемлекет басшысын сол жерде өлтіріп, оның әйелін ауыр жаралаған.
Арыстан Рысбек