Pfizer компаниясы өз вакцинасының 3-ші дозасын салуға рұқсат сұрамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Pfizer компаниясы өз вакцинасының 3-ші дозасын салуға рұқсат сұрамақ

09.07.2021

«Файзер» компаниясы АҚШ-тың реттеуші органдарынан үшінші дозаны егуге рұқсат сұрап отыр. Өйткені, жаңа компонент коронавирусқа қарсы иммунитетті екінші дозамен салыстырғанда 5-10 есеге күшейтеді деген болжам бар.

Дәрігерлердің ойынша, қазір әлемді ковидтің үндістандық аса қауіпті «дельта» варианты шарпып жатқанда, мұндай екпенің маңыздылығы артып отыр. Сонымен қатар, АҚШ-та бүгінде коронавирусқа шалдыққандарың көбінен де осы нұсқа табылып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу