Елімізде аптап ыстық бойынша 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарды. Қазгидрометтің дерегіне сай, 29 маусым күні батыс өңірде ең жоғары ауа температурасы тіркелген. Ол 45,5 градус. Бұған дейінгі рекорд 1991 жылы орын алды, сол кезде 41 градус ыстық болған. Синоптиктердің айтуынша жаздың бірінші айы аптап ыстықпен ерекшеленді. Оған елдің батысы мен оңтүстік өңірлеріне келген, субтропикалық ауа массалары әсер еткен.
Досжан Маратұлы