БҚО-дағы 84 ауылда әкім сайлауына дайындық жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-дағы 84 ауылда әкім сайлауына дайындық жүріп жатыр

08.07.2021

Батыс Қазақстанда облысындағы 84 ауылда әкім сайлауына дайындық жүріп жатыр. Өңірде барлығы 151 әкім болса, солардың 31-інің өкілеттік мерзімі аяқталуы жақын. Босаған лауазымға жасы 25-тен асқан, жоғары білімді, кемінде бір жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген азамат үміткер бола алады. Кандидаттар сайлауға өз-өзін ұсына алады. Оған қоса саяси партиялар өз өкілін қатыстыруға хақылы. Ауылдық округ және кент әкімдерінің сайлауы 25 шілдеде өтеді.

Ғайса Қапақов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
10 шілдеге дейін ұсыныстарды қабылдаймыз. 15 шілдеге дейін оларды тіркейміз. Содан соң 15 шілдеден 24-іне дейін үгіт-насихат, халықпен кездесу, дебат, телевизияда сөйлеу, газетке шығу, солардың бәрі 9 күннің ішінде болады. Соған барлық жұмыс, дайындық жасалып жатыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу