Ақтөбеде толассыз жауған нөсер әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде толассыз жауған нөсер әбігерге салды

08.07.2021

Ақтөбеде екі күн бойы толассыз жауған жаңбыр жұртшылықты әбігерге салды. Көшелер көлге айналып, көліктердің жүруі қиындады.

Мамандар шілде айында жауын-шашын көлемі 29 мм болады деп болжаған. Алайда тек соңғы екі тәулікте оның көлемі 101 мм-ге жетті. Бұл үш айлық нормадан көп. Қазір қала көшелері суға толып, жаяу адам тұрмақ, көліктердің жүруі қиындады. Ал,қаланың коммуналдық мекемелері жағдайды реттеп үлгерер емес. Себебі,синоптиктер бүгін де күні бойы жаңбыр жауады деп болжап отыр.

Серік Дәулетов, қала әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:
Бұл жұмыстарға 60-65-тен астам техника жұмылдырылды. Сонымен қатар екі үлкен техникамыз бар, солар іске қосылды. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу